БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

1Мектепке дейінгі ұйымның атауыТүркістан облысының білім басқармасының  Төлеби ауданының білім  бөлімінің  «Ақбота» бөбекжай -бақшасы»  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
2Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен-жайы және нақты орналасқан жерінің мекен- жайы)Түркістан облысы, Төле би  ауданы, Тасарық ауылдық округі, Тасарық ауылы, М.Әуезов көшесі, 199 ү.
3Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, webсайт)Ұялы телефон: 8 778  674  13 69  Электронды поштасы: akimbekova-a@bk.ru Webсайт: https://akbota.baqsha.edu.kz/
4Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі)Пиялиева Жадыра Мырзабекқызы «Ақбота» бөбекжай-бақшасы 2013 жыл 02 қыркүйек № 24 бұйрығымен балабақша меңгеруші  лауазымына тағайындалды.
5Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі)Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткен. БСН  070240011123 алғашқы мемлекеттік тіркеу күні 13.02.2007жыл.
6Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон)Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы 2021 жылғы 24 желтоқсан №KZ05RVK00037839 хабарлама берілген.
7Құрылған жылы1977 жыл
8Типтік ғимаратекі қабатты типтік
9Топтар саны3 топ
10Балаларды оқыту тіліҚазақ тілі
11Жұмыс аптасының ұзақтығы5 күндік
12Ауысым саныТәрбиешілер: І ауысым; ІІ ауысым
13МДҰ – ның жобалық әлеуетіБалабақша орны 90 балаға арналған. Қазіргі таңда 75 тәрбиеленуші топтастырылған. 12.04.2010 жылы № 17-10-5-18 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды.

Балабақша ғимараты типтік үлгіде. Балабақша 90 орындық, қазіргі таңда 75 тәрбиеленуші жас ерекшеліктеріне қарай 3 топқа топтастырылған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс істейді, сағат 07.30-бастап 18.00 сағатқа дейін, 10,5 сағат жұмыс жасайды. Қазіргі таңда 75 тәрбиеленуші 3 топқа «Балапан» ортаңғы тобына, «Бәйшешек» ересек тобына, «Күншуақ» ересек тобына топтастырылған.

Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде. Балабақшада қабылдау бөлмесі, оқу-тәрбие, ойын, жатын бөлмелері, меңгеруші, әдістемелік, психолог, бөлмелері, музыка залы бөлмесі,медицина бөлмесі, кір жуу бөлмесі,асхана, мен қойма бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі табиғи газбен жылытылады.Су,электр жүйесі орталықтандырылған. Балабақша өрт- дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған.

Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды.Медициналық кабинетте қабылдау бөлмесі, емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал — сайман жабдықтармен жабдықталған.

Балабақша ауласы көгалдандырылған, жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын алаңы және топтарға арналған жазғы шатырлар өз дәрежесінде жабдықталған. Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, балалар ойнайтын құралдар көлеңкелі қоршау орындығымен гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған спорт алаңы бар.

Балабақшаның арнайы бөлмелері:

  • Меңгеруші бөлмесі;
  • Әдістемелік бөлмесі;
  • Психолог бөлмесі;
  • Музыка залы
  • Компьютер – 2 дана;
  • Принтер-2 дана.

Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы»,«Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық»,«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде  «Ұлттық бұрыш»,  «Ойыншықтар сөресі», «Кітап бұрышы», «Табиғат бұрышы», дамытушы кеңістік орта жасақталған.